Текст
11 қарашасынан бастап «Бастауыш сыныптар декадасы» және «Мектепалды дайындық сыныптарының декадасы» өз бастауын алды. Декадаларды өткізу жоспары жасалып, мақсаттары қойылды және іс-шаралардың өткізу формасы анықталды. Бүгін декадалардың ашылуы өтті, оған бастауыш сыныптар мен мектепалды сынып оқушылары және педагогтар қатысты. Ашылу қызықты түрде өтті: оқушылар өлеңдер оқып, түрлі байқаулар мен викториналар ұйымдастырылды.