«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Аққайын ауылының негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Основная средняя школа села Аккайин отдела образования по  Буландынскому району  управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас ұлан» мен «Жас қыран» қатарларына қабылдау салтанаты

13.05.2025

Мектебімізде маңызды да толқынысқа толы оқиға өтті — 5-сынып оқушыларының «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының, ал 1-сынып оқушыларының «Жас қыран» ұйымының қатарына қабылдау салтанаты өткізілді.

Салтанатты музыка әуенімен оқушылар ант берді: нағыз патриот болуға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, туған жерін сүюге және ұйым мүшесі атағын абыроймен алып жүруге. ✨

Жас ұландықтар мен жас қырандықтар бұл ұйымға мүше болу — тек құрмет қана емес, үлкен жауапкершілік екенін жақсы түсінеді. Әрқайсысы мектептің қоғамдық өміріне белсене араласуға, түрлі іс-шараларға ынтамен қатысуға және үздік оқуға ниетті. 

Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым ұйымның жаңа мүшелерін шын жүректен құттықтап, олардың бұл маңызды қадамында сәттілік тілейді!
Сіздерді әрдайым білімге деген құштарлық, жауапкершілік пен Отанға деген сүйіспеншілік жол бастап жүрсін! 

Просмотров: 297


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст