Текст
27–31 наурыз аралығында 5–7 сынып оқушылары қатысқан "Кенгуру" республикалық математикалық байқауы өтті. Оқушылар стандартты емес есептерді шешуде жоғары білімін, логикалық ойлауын және табандылығын көрсете білді.
Байқау қорытындысы бойынша көптеген қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды. Бұл олардың жоғары дайындық деңгейін айқын көрсетті.
Жас математиктерімізді лайықты жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да табыс тілейміз!
Оқушыларды дайындағаны және олардың математикалық қабілеттерін дамытуға қосқан үлесі үшін математика пәнінің мұғалімі Закиряева Л.Ю.-ға алғысымызды білдіреміз.