«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Аққайын ауылының негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Основная средняя школа села Аккайин отдела образования по  Буландынскому району  управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағаты "Білім - Отанға пайда"

26.05.2025


 

"Білім - Отанға пайда" атты класс сағаты аясында 4-сынып оқушылары еліміздің тарихымен, мәдени құндылықтарымен және дәстүрлерімен танысты. Бұл шараның мақсаты – патриотизмді тәрбиелеу және Отанға деген мақтаныш сезімін ұялату болды. Сабақ барысында оқушылар Қазақстан тарихының маңызды кезеңдерімен танысып, әрбір азаматтың өз еліне қосқан үлесін талқылады.

Класс сағаты тек білімді ақпаратпен ғана емес, белсенді талқылаулар, сұрақтар мен жауаптармен де байытылды. Оқушылар Отанға деген махаббаттың өздері үшін қандай маңызы бар екенін, еліміздің дамуы мен сақталуы үшін қандай құндылықтарды маңызды санайтындарын қызығушылықпен әңгімеледі.

Шара соңында 2024-2025 оқу жылының қорытындылары шығарылды. Оқушылар өздерінің табысты әрі нәтижелі еңбектері, білімдері мен сынып және мектеп өміріне белсенді қатысқандығы үшін грамоталармен марапатталды. Класс жетекші Айтжанова Е.А. оқушыларды еңбекқорлықтары, мақсатқа жетудегі табандылықтары және патриоттық рухтары үшін алғысын білдіріп, оларға оқу жолында табыс және алдағы жеңістер тіледі.

Просмотров: 358


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст