«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Аққайын ауылының негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Основная средняя школа села Аккайин отдела образования по  Буландынскому району  управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларды қорғау күніне арналған мереке

02.06.2025

 

1 маусым күні мектебімізде Балаларды қорғау күніне арналған тамаша әрі шуақты мереке өтті. Бұл — тек ойын мен күлкіге толы көңілді шара ғана емес, сонымен қатар үлкендерге балалардың махаббатқа, қамқорлық пен назарға әрдайым мұқтаж екенін еске салатын маңызды күн.

Балалар үшін нағыз мереке ұйымдастырылды! Қонақтар ретінде көңілді де жарқын кейіпкерлер: Нәсмеяна, Аю, Сиқыршы және Мыстан кемпір келді. Олар балалармен бірге қызықты ойындар ойнап, ән айтып, би биледі. Көңілді сәттер бір сәтке де толастаған жоқ! Балалардың қуанышты жүздерін көріп, сыңғырлаған күлкілерін есту — бәрімізге зор қуаныш сыйлады.

Балалық шақ — қамсыз да бақытты кезең. Ал оның қандай болары — ересектердің қолында. Балаларды қорғау күнінде әр бала мейірімділік пен махаббатты, қамқорлық пен жылулықты сезінсе екен дейміз. Барша балақайларға шуақты, көңілді, жарқын жаз тілейміз! Жазғы демалыстары есте қаларлық қызықты оқиғаларға толы болсын!

Баршаңызды осы тамаша мерекемен — Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Күн нұры шапағатын
Сыйласын барша адамға!
Күлкіменен әр бала
Жылу берсін жан-жаққа!
Махаббат пен шаттыққа,
Мейірімге толсын жаһан!

ТОО «Журавлевка-1» директоры Токанов Е.А.-ға көрсеткен демеушілік көмегі мен балаларға сыйлаған балмұздағы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Сізге зор денсаулық, амандық және ісіңізге өркендеу тілейміз!

Просмотров: 103


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст