Мұғалімдердің өз
білімдерін жүйелі көтеріп отырулары – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне
ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті
мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып
табылады. Оның мұғалімнің кәсіби біліктілігін қалыптастыруда алатын орны
ерекше. «Біліктілік» деп қандай да бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық
дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп
отыруы қажет.
Аттестация –бұл:
§ мұғалімдердің шығармашылық өсуінің негізгі факторы және
олардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру;
§ педагогикалық және басқарушылық кадрларды үздіксіз
оқытудың тиімді әдісі;
§ білім беру
саласындағы мемлекеттік –әлеуметтік бақылау түрі.
§ Аттестациялаудың
мақсаты:
§ кәсібилік
деңгейді көтеруге ынталандыру;
§ оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру;
§ шығармашылық ынтасын
дамыту;
Аттестациялаудың
міндеттері:
§ Оқу
үдерісінің мақсаттарына жету деңгейін анықтау;
§ Білім
алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау;
§ Алдыңғы
диагностикалық зерттеулердің нәтижелерімен салыстырғанда оқушының дамуының өсу
(төмендеу) динамикасын анықтау;
§ Білім
беру сапасына әсер ететін оң және теріс үрдістерді анықтау және бағалау;
§ Білім
беру сапасына әсер ететін факторлар мен жағдайларды реттеу және түзету жөнінде
ұсыныстар әзірлеу.
§ Мектептегі білім беру сапасын арттыру үшін
ең алдымен мұғалім біліктілігі жеткілікті дәрежеде өсіп, кәсіби шеберлік шыңына
талпынған тұлға иесі болуы тиіс.
§ Әр бес жыл сайын мұғалім өзінің
біліктілігін көтеріп, аттестациядан өтуі міндетті екені белгілі.
§ Білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспарындағы педагогтардың
біліктілігін жетілдіру тармағы негізінде ағымдағы оқу жылының басында
педагогтердің аттестациясын ұйымдастыру және өткізу ісшараларының жоспары
жасалынады (5 жылдық перспективалық жоспардың
негізінде).
§ Әрі оқу жылының соңындағы педагогикалық
кеңесте келесі оқу жылында аттестталатын педагогтар анықталып, нормативтік
құжаттармен таныстырылады.
Аттестаттау білім
беру ұйымдарында кезең кезеңдерімен өткізіледі.
§ 1-кезеңінде
мұғалім аттестация аралығында жасаған педагогикалық әрекетіне, өз білімі мен
біліктілігін арттыру бағытында жүргізген жұмысына ішкі сараптама жүргізіеді,
педагогикалық ісәрекетіне өзіндік талдау жасайды, істәжірибесін жинақтайды,
жинақтаған тәжірибесі мен педагогтерді аттестаттау ережесінің талаптарына сай
келетін жетістіктерінің негізінде білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының
төрағасының атына біліктілігін көтеру жөнінде (немесе растау) өтініш жазады,
§ 2 - кезеңі
сыртқы сараптама деп аталады, мұнда білім беру ұйымындағы аттесттаттау
комиссиясы педагогтің ісәрекетіне талдау жасайды,
§ 3- кезеңінде
§ Аттестаттау
комиссиясы аттесттаттау ережесі негізінде педагогтің өтінген санатына
сәйкестігіне баға беріледі.
§ Біліктілік талаптарына сәйкес барлық санаттағылар үшін
білім беру ұйымдарының аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлердің
қызметін талдауға арналған материалдар:
§ педагогикалық тәжірибесі туралы материалдар (өздігінен
білім беру жөніндегі сабақтардың, оқуәдістемелік құралдардың
әзірлемелері);
шығармашылық конкурстарға,
§ ғылымипрактикалық
конференцияларға,
§ семинарларға,
§ дөңгелек
үстелдерге,
§ авторлық
жұмыс қорғау;
§ Педагогикалық іс-тәжірибемен бөлісу;
§ газет,
журнал беттеріне басылым;
§ педагогикалық
оқылымдарға қатысуы;
Осы бағыттағы жұмыстар үнемі
және жоспарлы жүріп тұратын болса, біздің мұғалімдер заман талабына лайықты
болып, жаңалықтарды дер кезінде біліп, меңгеріп, өз жұмыстарын сапалы атқарады
деп ойлаймын, оған мұғалімдеріміздің қабілеті толығымен жететіндігіне
сенімдімін.